Маңғыстауда биыл 12 мыңнан астам жасөспірім Ұлттық қор қаражатын пайдалана алады
Өңірде биыл 12 658 бала кәмелетке толады
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Маңғыстау облысы филиалының жыл басында берген мәліметі бойынша, биыл жыл соңына дейін 304 815 бала 18 жасқа толады. Аталған қаражат олардың БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түскен. Енді олар өздерінің нысаналы жинақтарын кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үйге немесе білім алуға бірден пайдалануға құқылы. Halyq Uni облыстағы ұлттық қор қаражатына қол жеткізе алатын балалар статистикасына назар салып көрді.
Айта кетерлігі, бұған дейін Ұлттық қордан Маңғыстау облысы бойынша 330 390 балаға алғашқы қаржы аударылғаны бұған дейін айтылған еді. Айта кетерлігі, бұған дейін Ұлттық қордан Маңғыстау облысы бойынша 330 390 балаға алғашқы қаржы аударылғаны бұған дейін айтылған еді. Олар жалпы құны 33 млн теңгеден астам қаражатқа ие болды. Соның ішінде 12 755 бала 1,3 млн теңгеге жуық қаражатын пайдалануға мүмкіндік алды.
Бағдарламаға Қазақстан азаматтары ретінде қатысуға тіркелген барлығы 6 919 131 бала болса, солардың барлығына 100 доллар 52 цент көлемінде бірдей қаржы аударылды. Бұл туралы БЗЖҚ өкілдерінің ақпанда берген мәліметінде келтірілді.
Жалпы, зейнетақы қорының мәлімдеуінше, «Ұлттық қор – балаларға» жобасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға мүмкіндік беру.
Бағдарлама аясында балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін жыл сайын нысаналы талаптар түріндегі қаражат төленіп отырады.
Бала 18 жасқа толған жылы оның нысаналы талаптары доллар күйінде көрсетілген және 18 жасқа толған нысаналы жинақтарды алушылар тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалануға құқылы БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына есептелген нысаналы жинақтар мәртебесіне ие болады.
Ұлттық статистика бюросының жыл басындағы деректеріне қарағанда Маңғыстау облысындағы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің саны 340 мыңнан асады. Ал нақ биыл кәмелет жасына толатын маңғыстаулықтар саны 12 658 бала болып отыр. Олар өздеріне тиесілі жиналған қаражатын енді қалауына қарай баспаналы болуға немесе білім алу бағыттарына жұмсай алады.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылды. Оның шарты бойынша, 2006 жылы және одан кейін туылған Қазақстан азаматтарының барлық баласына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы есептеледі.
Өткен жылдары балаларға есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамына инвестициялауды жалғастыра береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық табыс есептеледі. Тек айта кетерлігі, балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптармен жинақталатын қаражатты мерзімінен бұрын шешіп ала алмайды.
Осылай кәмелетке толмаған барлық қазақстандық өз шоттарына төлемдерін доллармен алады (2024 жылдың 1 қаңтарына дейін 18 жасқа толмаған). Бала Қазақстан азаматы болып туылмаса да, азаматтығын кейінірек алса да, оған Ұлттық қордан ақша төленеді. Кәмелетке толмаған бала қайтыс болған жағдайда, ата-аналар Ұлттық қордан оның туғанына 18 жыл толғаннан кейін ғана ақшасын алуға құқылы.
Егер 10 жыл ішінде ешкім ақша іздемесе, олар ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына аударылады.
Бала 18 жасқа толғанда, БЖЗҚ қазақстандыққа мақсатты жинақтау шотын (ОЖЖ) ашады, ақша сонда аударылады. Мақсатты пайдалануды растайтын өтініш пен құжаттар «Қазпошта» АҚ-қа және екінші деңгейдегі банктерге ұсынылады. Өйткені олар уәкілетті операторлар болады.
Сөйтіп, ақша БЖЗҚ-дан алушылардың уәкілетті оператордан ашылған долларлық шоттарына түседі. Егер алушы «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алуға ақы төлеу» мақсатын таңдаса, ақшаны айырбастау талап етілмейді. Қалған мақсаттар бойынша алушы аударым жүргізілген кездегі бағам бойынша нысаналы жинақ төлемдерін теңгеге айырбастайды.
Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы жинақтар олардың доллардағы нысаналы жинақтау шоттарына (ОЖЖ) аударылады, сол уақытта инвестициялау тоқтататылады әрі ол қаражат тек тұрғын үй мен білім беруге пайдалану үшін ғана арналған.
Жобаның уәкілетті операторларының бірі – «Отбасы банк». Оның enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу жағдайларында қаражатты таңдалған мақсаттарына қарай қашықтан пайдалануға болады.
Бағдарламаға сәйкес, егер 18 жасқа толғаннан кейін азамат қаражатты рұқсат етілген мақсаттарға пайдаланғысы келмесе, онда қаражат шотта 10 жыл бойы сақталады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін ақша алушының зейнетақы шотына аударылады.