Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы бір ай бойы түнде ғана жұмыс істейтін болды
Президентке қызмет көрсететін мемлекеттік күзет қызметі мен «Бүркіт» әуе компаниясы да осы тәртіппен жүреді
Келесі айдан бастап елордадағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты, ұшақтар түнде ғана ұшып-қона алады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Өйткені жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында 11:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілмек. Ал түнде рейстерді қабылдау және ұшыру шаралары атқарылады.
Бұған қатысты тиісті ақпарат әуе компанияларына ақпан айында берілген. Ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына орай рейстердің кестесіне түзету содан кейін енгізілді. Президентке қызмет көрсететін мемлекеттік күзет қызметі мен «Бүркіт» әуе компаниясы да осы тәртіппен жүреді.