Жетісу облысында 26 жүк көлігі қар құрсауында қалды

Дәурен Ерболат

Олар жақын маңдағы ауылға жеткізілді

Фото: ТЖМ

Жетісу облысында мамандар қар құрсауында қалған 26 адамға көмектесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, Алакөл ауданы Үшарал-Достық автожолының Ырғайты мен Жалаңашкөл учаскелерінің аралығында қалың қардың жаууына байланысты 26 жүк көлігі қар құрсауында қалған.

Құтқарушылар жол талғамайтын «Трэкол» және «Вазтовка» көліктерімен Көктума ауылына 26 жүргізушіні жеткізді. Олар медициналық көмек керек болмады.

ТЖМ қыста қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды сұрайды.