Полицейге 500 мың теңге пара бермек болған көкшетаулық ұсталды
Ұқсас фактілерге қатысты 70-тен астам қылмыстық іс қозғалды
Полиция қызметкеріне 500 мың теңге пара бермек болған көкшетаулықтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Күшейтілген бақылау басталғалы бері лауазымды адамдарға пара беру туралы полиция қызметкерлерінен 900-ден астам хабарлама түскен. Пара беру фактілері бойынша 70-тен астам қылмыстық іс қозғалды.
Көкшетауда ер азамат қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін полиция қызметкерлеріне 500 мың теңге ұсынған. Іс сотқа жіберілді, – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ Астанада бір азамат жауапкершіліктен құтылу үшін ақшаны қызметтік көлікте қалдырған. Құқықбұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.