Halyq Uni логотип
×

Президент Эмманюэль Макронға көңіл айтты

Мемлекет басшысы зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

 Динара Амантай 18.12.2024 | 09:40
Президент Эмманюэль Макронға көңіл айтты
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетсек, Франция қарамағындағы Үнді Мұхитында орналасқан Майотта аралында соңғы 90 жылдағы ең күшті циклон болды. Салдарынан жүздеген адам зардап шегіп, тұрғын үйлер мен ғимараттар қирады. Ел президенті Эмманюэль Макрон жағдайға байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялап, жақын уақытта аралға баратынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама