2025 жылы Қазақстанда жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салынады

Дәурен Ерболат

Заң 1 қаңтарда күшіне енеді

Фото: visitalmaty.kz

Келесі жылы елімізде жануарлардың көшпелі циркте өнер көрсетуіне тыйым салынады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңнамада жабайы жануарлардың көрмесін, көшпелі зоопарк, көшпелі океанариум және тағы басқа іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салатын норма қарастырылған. Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.  Сондықтан мен келесі жылдың 1 қаңтарында осы көшпелі цирктердің, хайуанаттар бағының және тағы басқалардың қызметі тоқтайды деп ойлаймын, – деді Ерлан Нысанбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.