Halyq Uni логотип
×

2025 жылы Ресейден 4 жолбарыс әкелінеді

Елімізде жолбарыс популяциясы қалпына келтіріледі

 Дәурен Ерболат 17.12.2024 | 17:00
2025 жылы Ресейден 4 жолбарыс әкелінеді
фото: Алматы хайуанаттар бағы/видеодан скрин

2025 жылы Ресейден Қазақстанға 4 жолбарыс жеткізіледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, биыл Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын (Керқұлан, Кертағы) тарихи мекенінде қалпына келтіру бойынша 2 үлкен жоба белсенді іске асып жатыр.

Жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты (2018/415 мың га) құрылды. Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін 2018-2024 жылдар аралығында резерваттың аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінді, 100-ден астам құлан, елік пен қабан популяциясы көбейтілді, – деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Министр биыл күзде Іле-Балқаш резерватында арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелінгенін еске салды.

Сондай-ақ 2025 жылы Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарыс жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Әкелінген жолбарыстардың тұқымы Қазақстанда 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыс болады деп үміттенеміз, – деді басшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама