Биыл елімізде 87,8 млн тонна мұнай өндірілген
Шетелге 62,3 млн тонна мұнай экспортталды
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 87,8 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Биыл мұнай және конденсат өндіру көлемі жалпы 80,5 млн тонна болды. Оның ішінде «Теңізде» 25,9 млн тонна мұнай «Қашағанда» 15,8 млн тонна мұнай, «Қарашығанақта» 11,1 млн тонна мұнай өндірілді, – деді Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің отырысында.
Өткен жылмен салыстырғанда мұнай өндіру деңгейінің төмендеуіне ірі кен орындарында жүргізілген күрделі жөндеумен байланысты.
«Теңізде» Болашақ кеңейту жобасының іске қосылуына байланысты мамыр және тамызда жалпы ұзақтығы 50 күн жөндеу жүргізілді, «Қашағанда» 21 күнге толық тоқтаумен слаг-кэтчер ауыстырылды.
Бұдан басқа, «Қарашығанақ» кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор ГӨЗ газ қабылдауды шектеу, КҚК-ның жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға тоқтауы, сондай-ақ биыл 26 қазаннан бастап (жыл соңына дейін) технологиялық ағынға будың ішкі ағуына байланысты «Теңіз» кен орнының екінші буын зауытындағы жөндеу жұмыстарына өндірістің төмендеуіне әсер етті.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай өндіру 87,8 млн тонна деңгейінде болады деп жоспарланып отыр, – деді министр.
Жоспарлы өндіру көрсеткішіне қол жеткізбеу мұнай экспортына да әсер еткен.
«Мәселен, есепті кезеңде 63,2 млн тонна мұнай экспортталды. Сондай-ақ Қазақстан ОПЕК+елдерімен келісім бойынша өз міндетін орындауы керек», - деді Алмасадам Сәтқалиев.