ТЖМ жаңа техника сатып алды

Дәурен Ерболат

Бұл күрделі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді

Скрин видео

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушілерге арналған жаңа техника мен жабдықтарды сатып алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрлік аумақтық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын күшейту туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Алматыда өрт сөндірушілерге арналған арнайы киімнің 280 жиынтығы сатып алынды. Бұл шұғыл міндеттерді орындау кезінде жоғары қорғаныс пен жайлылықты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ өртке қарсы қызметтің автопаркі 5 Skoda Kodiaq көлігімен және 2 жаңа КАМАЗ-бен толықты. Бұл арнайы техникалар қолайсыз ауа-райында жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.