Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Атырауда 40 млн теңгенің вейпі тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған жағдайға байланысты 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. Ол вейптерді сақтап, сатумен айналысқан.
Тергеу барысында күдіктінің тыйым салынған құрылғыларды курьерлер арқылы жіберіп отырғаны анықталды. Тінту кезінде қаладағы дүкендердің бірінде шамамен 3 мың дана вейп сақталған қойма табылды. Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 млн теңгеден асады, – делінген хабарламада.
Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.