Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында жол жабылды

Өңірде ауа райы күрт нашарлады

 Динара Амантай 17.12.2024 | 11:11
Жетісу облысында жол жабылды
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында «Үшарал-Достық» учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ  мәліметінше,  бүгін сағат 10:00-де Жетісу облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.

Сондай-ақ, келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды:

Қостанай облысы:

  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығы.

Ақмола облысы:

  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы;
  • «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы;
  • «Жезқазған-Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама