Маңғыстау облысында 29 жүк көлігі қар құрсауында қалған
Жүргізушілер жолда сақ болуға тиіс

Маңғыстау облысындағы «Жаңаөзен-Түрікменстан» республикалық маңызы бар трассасында ауа-райының нашарлауына байланысты 29 жүк көлігі қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, жүк көліктерінің бірі жолдан шығып кеткен.
Өңірдегі құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетті. Олар жолды тазалап, көлікті сүйреп, қозғалысты қалпына келтірді. Жұмыс «Қазавтожол» қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді.
ТЖМ қыста қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды, ауа райының қолайсыздығына байланысты жасалған ескертуді назарға алуды сұрайды.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз.