Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды
Жиналғандар тәуелсіздік жолында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды
Алматыда Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Halyq Uni қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Салтанатты рәсімге қала әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін қиып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындауымен аяқталды.