Сайлау 15 желтоқсанда өтті
Талғар әкімі сайлауы нәтижесі жарияланды. Соған сәйкес, ең көп дауыс жинаған Арыстанбек Абилхаирұлы әкім болып сайланды.
Айта кетейік, сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 12 875 сайлаушы қатысты.
Жалпы 3 адам әкімдікке үміткер ретінде тіркелді:
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 182.
Сайлау қорытындысы бойынша Талғар қаласының әкімі болып Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды, - делінген ресми ақпаратта.
Ол 1983 жылы туған, «Талғар тұрғын үй» ЖШС -нің директоры, Талғар қаласының тұрғыны.