Halyq Uni логотип
×

Президент ресми сапармен Ұлытауға барды

Түстен кейін ол Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады

 Динара Амантай 16.06.2022 | 11:19
Президент ресми сапармен Ұлытауға барды
фото: видеодан скриншот

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңір әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады. Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.

Еске сала кетсек, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтай құру туралы жарлыққа қол қойды. Құрылтайға мемлекет басшысының өзі төрағалық етеді. Жалпы қоғамдық институтқа барлығы 117 адам мүше болды. Олардың ішінде қоғам қайраткерлері, академиктер мен ғалымдар, журналист, ақын-жазушылар мен қоғам белсенділері бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама