Полиция учаскелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар барлық тасжолдар жабылды. Салдарынан жолда кептеліс болды, деп хабарлайды Halyq Uni Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір облыста мыңнан аса көлік кептелісте тұр. Әсіресе күрделі жағдай Қарағанды-Астана бағытындағы жолда байқалады. Онда көктайғақ салдарынан 700-ден аса көлік жиналған.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция учаскелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары түнде Қарағандыдан Ақмола облысының шекарасына дейін 700-ден аса және қарсы бағытта мыңнан аса көлікті алып жүруді ұйымдастырды.
Полицейлер жүргізушілерді тасжолдардың жабық учаскелерінде ұзақ қашықтыққа жүрмеуге және жол жағдайы туралы ақпаратты ескеруге шақырды.