Конкурс төрт кезеңнен тұрады
Ғылыми-педагогикалық сараптама саласындағы сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сәйкес, республикалық ғылыми-тәжірибелік білім мазмұнын сараптау орталығы 17-30 желтоқсан аралығында оқу бағдарламалары, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді сараптау үшін мамандарды іріктеу конкурсын жариялайды. Қатысуға педагог-зерттеуші немесе одан жоғары біліктілігі бар кандидаттар шақырылады.
Сарапшылар базасына қабылдану үшін қажетті іс-шаралар:
Барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткерлер оқудан өтеді. Курстардың ұзақтығы – 360 сағат. Бағдарлама оқу материалдарының сапасын бағалауға қатысты құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқу барысында үміткерлер сараптамалық шешім әзірлеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді, – делінген министрлік ақпаратында.
Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылар 5 жыл мерзімге жарамды сертификат алады. Сондай-ақ, қатысушылар білім беру материалдарын сараптауға әрі бағалауға белсене қатысып, кәсіби біліктілігін арттырады және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді.