×

Донбасста кім басым түссе, Украинадағы соғыста сол жеңеді - Зеленский

Ал Ресей Қарулы күштері аталған аймаққа бақылау орнату үшін барын салып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 16.06.2022 | 10:50
фото: rusdozor.ru

Украина президенті Владимир Зеленский «Донбасста кім басым түссе, Украинадағы соғыста сол жеңеді» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, украин әскері Харьков облысы үшін шайқаста көп сарбазынан айырылған деп хабарлады «Хабар24» телеарнасы.

Ресей Қарулы күштері аталған аймаққа бақылау орнату үшін барын салып жатыр. Сондай-ақ Украинаның оңтүстігінде де қиян-кескі ұрыс тоқтамай тұр.

Бірақ берілмейміз. Бұл – біздің мемлекетіміз. Әсіресе Донбассты ұстап қалу өте маңызды, - деді Владимир Зеленский.

Одан бөлек, Ресейдің Қорғаныс министрлігі дәлдігі жоғары «Калибр» зымырандарымен украин әскерінің зеңбіректерін жойғанын хабарлады. Атап айтқанда, 1 ұшақ, бірнеше зымыран мен ондаған реактивті снаряд атып түсірілген.

«Соңғы бір тәулікте Ресей әуе күштері Славянск аспанында Украинаның «Миг-29» атқыш ұшағын және Снихуривкада «Ми-24» тікұшағын атып түсірді. Зеңбірек сақталған қойма талқандалды», - деді РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама