Halyq Uni логотип
×

Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысының әкімі отставка кете ме?

Қылмыстық істі полиция тергеп жатыр

 Дәурен Ерболат 13.12.2024 | 15:00
Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысының әкімі отставка кете ме?
Фото: ОКҚ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жасөспірім Шерзат Болаттың өлімінен кейін отставкаға кетпейтінін меңзеп, жұмысы әлеуметтік желіде тараған ақпаратпен өлшенбейтінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысына «4 қазанға қараған түні Шерзат Болат көз жұмды. 12 қазанда белгісіз біреулер марқұмның үйін өртеп кетті. Сіз оқиға орнына бардыңыз ба?» деген сұрақ қойылды.

Марат Сұлтанғазиев Талғар қаласындағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

Мен Талғарға 12 қазанға дейін бардым. Сол жақта жиын өткіздік. Өрт болған кезде бармадым. Өйткені, маған толық мәліметтер беріліп отырды. Ол жаққа біздің ішкі саясат басқармасы, ауыл әкімі, қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттарымыз барды. (Үй) өртенгенде бұл территорияға ешкім кіргізілмеді. Себебі, тиісті жұмыс жүргізіліп жатты, – деді облыс әкімі.

Журналист «Сіз осы қайғылы оқығадан кейін отставкаға кеткіңіз келмей ме?» деп сауалын нақтылады.

Өңір басшысы жұмысы әлеуметтік желідегі ақпаратпен өлшенбейтінін айтты.

Біздің жұмысымыз тек әлеуметтік желіде тараған жаңалықпен бағаланбайды. Көптеген сала бар: экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа. Кейін басшыларымыз өз бағасын берер, – деді Марат Сұлтанғазиев. 

Еске салайық, биыл 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. 

12 қазанда марқұмның отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама