Halyq Uni логотип
×

Қытай елімізде АЭС салуға қолдау көрсетуге дайын

Қазақстандық делегация ҚХР-ға барды

 Динара Амантай 13.12.2024 | 11:52
Қытай елімізде АЭС салуға қолдау көрсетуге дайын
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Энергетика министрлігінің басшысы қытайлық серіктестерімен атом энергетикасы, мұнай-газ жобалары және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бейжіңде Энергетика министрі мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Х.Ванмен және ҚХР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ц.Люмен кездесті. Тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл ретте Қытай тарапы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын іске асыруда қолдау көрсетуге жоғары деңгейде дайын екенін білдірді, – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев қысқа тізімге енгізілген ядролық технологияның әлеуетті жеткізушісі Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізді.

Делегация сонымен қатар НПР-1000 реакторы бар салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясын, «Shanghai Electric» атомдық энергия корпорациясының өндірістік базалары мен Қытайдың орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама