Halyq Uni логотип
×

Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген

Өаралу көрсеткіші өсті

 Динара Амантай 13.12.2024 | 09:21
Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Жыл басынан бері қазақстандықтар емханаларға 103 млн-нан астам рет қаралған,  деп хабарлайды Halyq  Uni. 

Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйенсек,  өткен жылмен салыстырғанда емханаға жүгіну көрсеткіші 7%-ға өскен. Емханалар деңгейінде дәрігерлерге қаралу саны – 81,3 млн, ал үйде пациенттерді қарау саны 7,5%-ға артып, 17,5 млн-ға жетті.

Ауыл тұрғындарының бастапқы медициналық ұйымдарға қаралу саны 3,8%-ға артып, 41,8 млн-ды, оның ішінде 9 млн-нан астамы үйде қаралуды құрады.  Осылайша, егер жыл басында жалпы практика дәрігерлеріне өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігінің үлес салмағы 20% деңгейінде болса, онда 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 89,5%-ға жетті, арнайы мамандарға өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігі 4%-дан 23,4%-ға дейін өсті, – делінген ДСМ хабарламасында. 

Айта кетсек,  министрлік тарапынан пациенттің қаралу бағыты оңтайландырылып, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылаудың нақты алгоритмі, талдаулардың тізімі және оларды зерттеп-қарау еселігі анықталды, сондай-ақ пациенттерді динамикалық бақылаудың мультидисциплиналық тәсілі енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама