Halyq Uni логотип
×

Енді экс-президенттің денсаулығы туралы ақпарат құпия болады

Сенаторлар заңды қолдады

 Дәурен Ерболат 12.12.2024 | 18:10
Енді экс-президенттің денсаулығы туралы ақпарат құпия болады
Фото: akorda.kz

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Заң қоғамдық даму, мәдениет, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.

Құжатта экс-президент пен оның отбасы мүшелерінің «денсаулығын мемлекеттік құпия» деп тануды көздейтін норма бар.

Мемлекеттік құпиялар туралы» заңына барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, Қазақстан президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстан экс-президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі, - деп жазылған заңның қорытындысында.

Заңның қабылдануға тиісті саладағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен икемділігін арттыруға мүмкіндік береді, олардың шешім қабылдау процесін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді.

Дауыс беру нәтижесінде сенаторлар заңды мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама