Жарлық жобасы қоғам талқысына ұсынылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі құрылымында Криминалистика басқармасын құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Агенттік осы арқылы тәуелсіздікті қамтамасыз етуді, жеке мамандарды тартуға бюджет шығыстарын төмендетуді, жедел тексерулер және сотқа дейінгі тергеулер мерзімдерін қысқартуді, сондай-ақ құпия ақпараттың ашылу тәуекелдерін болдырмауды көздеп отыр.
Президенттің тиісті Жарлығы 27 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына ұсынылды.