Сенат шетелдік банктерден қарыз алуды көздейтін заңдарды мақұлдады
Қарыз бюджет тапшылығын жоюға, жаңа жобаларды іске асыруға жұмсалады
Дәурен Ерболат
12.12.2024 | 16:41
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар шетелдік банктерден қарыз алуды көздейтін заңдарды мақұлдады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Отырыста келесідей заңдар мақұлданды:
- Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» заңы;
- Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу» атты даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» заңы;
- Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» заңы.
Шетелдік банктерден қарыз мөлшері төмендегідей:
- Азия даму банкінен – 52,3 млрд жапон йенасы (шамамен 350 млн доллар);
- Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен – 52,7 млрд жапон йенасы (шамамен 350 млн доллар);
- Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 млрд жапон йенасы (шамамен 600 млн доллар).
Дауыс беру нәтижижесінде сенаторлар заңды мақұлдады.