Шымкентте судьяға қатысты іс сотқа жолданды

Динара Амантай

Антикор тергеуді аяқтады

Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикор ақпаратына сәйкес, күдіктілер алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр.

Бас прокуратура 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады.