Бүгінде іс тергеліп жатыр
Талғарда полиция марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы адвокат Асқар Қаймақов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ол Талғар ісіне қатысты мәлімдеме жасады.
Біздің өкілдеріміз полициядан Қаржаубайды ұстауды сұраған жоқ. Полицейлер айтқандай, оның туыстары қаза тапқан Нұрқанаттың жеке хатын жариялауға келісім бермеген.
Қаржаубайды 15 тәулік қамауға алу туралы сот қаулысын заңсыз деп санаймыз (Сот өрескел заңбұзушылықтарға жол берді). Оған апелляциялық тәртіппен шағым түсірдік.
Бүгін Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру»), - деп жазды Нұрымовтар отбасының адвокаты Instagram-дағы жеке парақшасында.
Бұған дейін Шерзат Болаттың әкесі қамауға алынғаны хабарланған.
Сондай-ақ Болаттың ағасы өлер алдында туысына хабарлама жібергені белгілі болған.