Halyq Uni логотип
×

«Цифрлық нотариат» жобасы тағы бір жылға ұзарады

Тиісті бұйрық жобасы қоғам талықсына ұсынылды

 Динара Амантай 12.12.2024 | 11:01
«Цифрлық нотариат» жобасы тағы бір жылға ұзарады
Фото: Halyq Uni

«Цифрлық нотариат» пилоттық жобасының жұмысын 2025 жылдың соңына дейін ұзарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әділет министрлігі ведомствоның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен жасалған бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізбек.

Айта кетсек, аталған жоба қазақстандықтарға ақпараттандыру объектілері мен «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері арқылы цифрлық нотариаттық куәландырылған сенімхаттарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Тиісті бұйрық жобасы 26 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғам талықсына ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама