Алматы полициясы студенттер жатақханасынан есірткі таба алмады (ВИДЕО)
Шарала «Н-лесси» есімді иіссезгіш ит те қатысқан
![Алматы полициясы студенттер жатақханасынан есірткі таба алмады (ВИДЕО)](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/12/11/675994ff5f05d111441797.jpg)
Бұл тәжірибені шаһар тәртіп сақшылары есірткі қылмысына қарсы күрес аясында қолданып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Студенттер арасында есірткіні сақтау және тарату деректерін болдырмау үшін арнайы жоспарда жоғары оқу орындары мен жатақханаларға тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылған. Жақында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жатақханасы тексерілді. Болашақ дәрігерлердің арасынан тыйым салынған заттар табылмады, – дейді, Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев.
Айта кетейік, бұл шараға полицияның «Н-лесси» есімді ізкесуші иті де қатысқан. Тексеру рейдінің мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және сол тектестердің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу.