Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 13 пошта бөлімі жабылады

Бұл елді мекендерде халық саны аз

 Дәурен Ерболат 11.12.2024 | 17:25
Павлодар облысында 13 пошта бөлімі жабылады
Фото: Sputnik / Алексей Мальгавко

2025 жылы Павлодар облысындағы ауылдарда 13 пошта бөлімі жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, өңірдегі адам саны аз елдімекендерде пошта бөлімі жабылады.

Бүгінде облыста 136 пошта филиалы жұмыс істейді. Оның ішінде Павлодар қаласында – 15, Екібастұзда – 10, Ақсуда – 1, аудандарда 105 бөлімше бар.

Жуырда Ертіс ауданы Майқоңыр, Қоскөл, Ұзынсу ауылдарында пошта бөлімшесі жұмысын тоқтатты. Бүгінге дейін 20 пошта бөлімшесі жабылса, 2025 жылы 13 пошта бөлімшесі жабылады, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама