Мекеме әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды
Petrosun компаниясына тағы да айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратура ақпаратына сәйкес, Petrosun ЖШС-ы үстемдігін теріс пайдаланып, жекелеген кәсіпкерлерге жол битумын сатуды негізсіз шектегені анықталды.
Қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган монополистке қатысты кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды. Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауаптылыққа тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сот шешімі апелляцияның нәтижесінде өзгеріссіз қалдырылғаннан кейін 141,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл мемлекеттік бюджетке төленді.