Үкім заңды күшіне енген жоқ
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикор ақпаратына сәйкес, Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Д. Әбдікәрімов орта қауіпсіздікті түзеу мекемесінде мерзімін өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Ол жеке компаниялардың басшысы С. Оспановтан шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот С. Оспановқа 3 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады. Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады, – делінген Антикор хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.