Басшы 12 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген
Өскемен қаласы әкімінің қызметіне Алмат Ақышов тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Президент әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі әрі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Өскемен қаласы әкімінің лауазымына Алмат Талғатұлы Ақышов тағайындалды, - деп жазылған ШҚО әкімдігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Алмат Ақышов – Шығыс Қазақстанның тумасы, президент жастар кадрлық резервінің мүшесі.