Медициналық нысан 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетеді
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Теректі ауданы Долин ауылында фельдшерлік акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Долин ауылында жобалық-сметалық құны 211 млн 76 мың теңге болатын, жалпы ауданы 341,27 шаршы метр, күніне 25 адамды қабылдау мүмкіндігі бар жаңа фельдшерлік акушерлік пункт ашылғалы отыр. 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсететін медициналық нысан – Долин ауылы тұрғындары үшін үлкен қуаныш.
Долин фельдшерлік акушерлік пункті қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған: телекардиограф, компьтерлік спирометр, сандық термометр, небулайзер, негатоскоп, стетоскопты танометр, пульсоксометр, электронды термометр, автоклав, вакцина сақтау тоңазытқышы, компьютер жиынтығы сынды заманауи медициналық құралдары бар. Нысанның құрылысын жүргізген мердігер компания – «КАЗ ОКК» ЖШС.
Шараға Теректі ауданының әкім Ә.Мұханбетжанова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Өтешов және аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.