Halyq Uni логотип
×

«Украина қазақстандық мұнай құбырына шабуылдады»: ҚазТрансОйл мәлімдеме жасады

БАҚ-та «Украина «Достық» мұнай құбырына шабуылдады» деген ақпарат тарады

 Қымбат Елтайқызы 11.12.2024 | 15:48
«Украина қазақстандық мұнай құбырына шабуылдады»: ҚазТрансОйл мәлімдеме жасады
фото: kmg.kz

Дегенмен, «ҚазТрансОйл» осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ресей Федерациясының Брянск облысы жергілікті билігінің мәліметінше, сәрсенбіге қараған түні дрондардың шабуылы салдарынан өндірістік нысанда өрт шыққан. Ол тез арада сөндірілді. Ресей тарапының айтуынша, Қазақстан мұнайын тасымалдауға пайдаланылатын инфрақұрылым зардап шеккен жоқ. Осылайша, еліміздің мұнай жеткізілімдеріне қауіп жоқ, – деді компания.

Атап өтсек, «Достық» мұнай құбыры арқылы Еуропаға ресейлік қана емес, қазақстандық мұнай да жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама