Үкімет дұрыс шешім қабылдады – вице-премьер бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы
Бүгінде еліміз – толық UTC+5 сағат белдеуінде
Үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне көшіп, дұрыс шешім қабылдады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Үкімет дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін. Оған біраз дәлел бар. Мұны ең танымал халықаралық институттар мен ғалымдар қолдайды. Олар 2022 жылы Барселона декларациясына қол қойған. Біз олардан артық емеспіз, бізде басқа пікір жоқ. Қазір Үкімет өз шешімін қолдайды, – деді Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеуге пікір білдірді.
Кеше сондай тапсырма болды. 3 айдың ішінде оны аяқтауға тырысу керек. Мен «Бұл мүмкін бе, мүмкін емес пе?» білмеймін. Мәселеге уәкілетті орган жауап берсін, – деді вице-премьер.