Halyq Uni логотип
×

Ауыл шаруашылығына бөлінген 142 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.

 Динара Амантай 11.12.2024 | 11:04
Ауыл шаруашылығына бөлінген 142 млрд теңге тиімсіз жұмсалған
Фото: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығына бөлінген 142 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Палата төрағасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігі аудитінің қорытындыларын ұсынды.

Төрағаның айтуынша, жалпы аудит нәтижелері бойынша 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 млрд теңге болды. Бюджетке 2 млрд теңге өтелді және қалпына келтірілді. 4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. 322 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді, – делінген хабарламада.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің барлық ұсынысы Үкіметке берілген ұсынымдарда және мемлекеттік органдарға берілген тапсырмаларда ескерілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама