Қытайдан заңсыз әкелінген 35 млн теңгенің киімі тәркіленді

Динара Амантай

Тауар әлеуметтік мекемелерге таратылды

Фото: Halyq Uni

Қытайдан заңсыз әкелінген 35 млн теңгенің киімі мемлекет пайдасына тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлік прокуратурасы мәліметінше, Астанада кеден бекеттерінің бірінен жалған құжаттармен рәсімделген жүк вагоны анықталды. Құжатта көретілген граниттің орнына вагонда Қытайдан келген киімдердің үлкен партиясы табылды.

Ақмола көлік прокуратурасының талабы бойынша жалпы құны 35 млн теңге болатын 30 тоннадан астам тауар мемлекетке тәркіленіп, әлеуметтік көмек алу үшін балалар мекемелеріне берілді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы авиациялық көлік прокуратурасы әуежайдың уақытша сақтау қоймасында 6 жылдан астам уақыт сақталған 2018 жылы Делиден келген фильм жабдықтарын анықтады. Салмағы 7 тонна, құны 2 млн теңгеден асатын тауарлар кедендік рұқсатсыз болған.

Прокуратураның өтініші бойынша сотпен жүк иесіз деп танылып, кейін Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілді.