Марқұм Шерзат Полаттың әкесі полиция бөліміне жеткізілді
Нұрымовпен психологтар жұмыс істеп жатыр

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі полиция бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Алматы облысы полициясы хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов Азат ауылында сағат 15:30 кезінде жерлеу рәсімін өткізу барысында қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген.
Нұрымов суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның әрекеті өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді.
Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады, - деп хабарлады полиция.
Қазір ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.