Абай облысында қылмыстық топ алтынды заңсыз өндірген
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Абай облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, 4 ер адамды ұстады. Олардан металл іздейтін құрылғылар, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты.
Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.