Тиісті бұйрық жобасы қоғам талқысына ұсынылды
Тыйым салынған аймақтардың үстінен ұшуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Құжат бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылаушы орган мемлекеттік қызметті алуға заңды құқықтың бұзылуын анықтаған кезде аталған қызметті алушының қайта жүгіну қажеттілігінсіз, заңды құқығын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды.
Тиісті бұйрық жобасы 24 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына ұсынылды.