Halyq Uni логотип
×

Қай өңірлерде жаңа баспана жетіспей жатқаны айтылды

Baspana Market-те шамамен 19 мың пәтер сатылымға шығарылған

 Дәурен Ерболат 10.12.2024 | 11:45
Қай өңірлерде жаңа баспана жетіспей жатқаны айтылды
Фото: Halyq Uni

Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары бойынша салынатын үйлер қай өңірлерде жетіспей жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2024 жылдың басты бағдарламалар «Наурыз» және «Отау» болған.

Нәтижесінде нарықта тұрғын үй бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін Baspana Market порталы бойынша (пәтерді) брондауға мүмкіндік берілді. Құрылысшылар осы порталға өз пәтерлерін қойғанда 12 ай бойы пәтер бағасын өсірмеуге тиіс. Қазір порталда 920 объектіден тұратын 19 мыңға жуық пәтер бар. Олардың ішінде ТОП-5 құрылыс компанияға тоқталайын: Sat NS, «Казахстрой», «МГ сити», «Айтхаузинг комплекс» және «Грант билдинг групп, - деді Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары бойынша 68 мың 700 ұсыным берілген.

Дегенмен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Атырау облыстары бойынша тұрғын үйге дефицит байқалады. Бұл 2025 жылы қайталануы мүмкін. Келесі жылы «Наурыз» бағдарламасына 300 млрд теңге бөлінеді, – деді төраға.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама