Halyq Uni логотип
×

50 мыңнан аса қазақстандық жалға берілген үйді жекешелендіре алады

Норма 4 желтоқсанда күшіне енген

 Дәурен Ерболат 10.12.2024 | 10:30
50 мыңнан аса қазақстандық жалға берілген үйді жекешелендіре алады
Фото: Halyq Uni

Елімізде 50 мыңнан аса қазақстандыққа жалға берілген үйді жекешелендіруге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, тұрғын үй саясатын реформалау шеңберінде, жергілікті атқарушы органдардың есепке қою және үйлерді бөлу функцияларын Ұлттық даму институты – Отбасы банкіне беруді көздейтін заң қабылданған. Бұл саясат үй алуды қолжетімді еткен.

Тұрғын үйді бөлу, тіркеу күніне, және табыс деңгейіне байланысты іске асырылады. Бұл, алдымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұратын азаматтарды үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға жалға берілген үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Бұл норма биыл 4 желтоқсанда күшіне енді. Нәтижесінде 50 мыңнан астам азамат баспаналы болады. Жалпы реформалау бойынша қарастырылған жаңа өзгерістер 2025 жылдың мамыр айында күшіне енгелі отыр, – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама