Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда есірткі сатқандар ұсталды

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 10.12.2024 | 09:09
Қарағандыда есірткі сатқандар ұсталды
Фото: polisia.kz

Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қарашаның соңында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды қаласының 41 және 53 жастағы тұрғындары ұсталған. Олар қала аумағында есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Жедел әрекеттердің нәтижесінде заңсыз айналымнан есірткі тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың 7,6 келі гашиш екені белгілі болды. Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарын сату ауыр қылмыс санатына жататынын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Айта кетсек, жыл басынан бастап Қарағанды облысы аумағында есірткі заттарын тарату және граффити арқылы жарнамалаудың бес дерегі анықталып, ұсталғандар жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ облыс аумағында ірі көлемдегі есірткі зертханасы жойылып, 1 тоннадан астам прекурсор мен 10 келіден астам дайын есірткі тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама