Көкшетауда 450 үй жылусыз қалды
Жағдай бақылауда

Көкшетауда жылу станциясындағы қуат кабелі істеп шығып, 450 үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, қалада жылу станциясының қуат кабеліне зақым келген. Салдарынан 450 абонент жылусыз қалды.
ТЖМ құтқарушылары жылу станциясының қалыпты жұмыс істеуі үшін көп мақсатты өрт сөндіру-құтқару көлігін пайдаланды. Нәтижесінде үйлерге жылу беріле бастады.
Бүгінде үйлерге жылу қалыпты режимде беріліп жатыр.