16 желтоқсанда түрлі мерекелік іс-шара өтеді
Елордада Тәуелсіздік күніне орай отшашу болмайды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден аса түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды», - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.
Бұған дейін Тәуелсіздік мерекесінде демеушілердің қаржысына дәстүрлі түрде отшашу ұйымдастырылатын.