Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел сотталды

Оның келтірген шығыны 12 миллион теңгеден асты

 Динара Амантай 09.12.2024 | 18:01
Жетісу облысында бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел сотталды
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысының тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратура мәліметінше, 2 жыл бойы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел халықтың сеніміне ие болып, оларға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға және тегін субсидиялар алуға көмегін ұсынған.

13 адам алаяқтың құрбаны болды, оның келтірген шығыны 12 миллион теңгеден асты, – делінген прокуратура хабарламасында.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде мұндай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама