Танымал әнші Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық сыйлығының қорытындысы жарияланды. Марапат 10 номинация бойынша берілді:
- Жылдың үздік мұғалімі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №80 мектеп-гимназиясының география мұғалімі Серік Ниязов;
- Жылдың үздік тележүргізушісі – «Хабар» арнасының жаңалықтар жүргізушісі Мөлдір Доспаева;
- Жылдың үздік дәрігері – отоларинголог дәрігер Медет Маханбет;
- Жылдың үздік спортшысы – дзюдошы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов;
- Жыл ғалымы – Ұлттық биотехнология орталығының адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, PhD Мақсат Жабағин;
- Жылдың үздік қоғам қайраткері – «Полигон 21» ҚБ атқарушы директоры Майра Әбенова;
- Жылдың үздік парламентарийі – Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов;
- Жылдың үздік саясаттанушысы – телебағдарламалардың жүргізушісі, Парламенттің Қоғамдық палатасының мүшесі Ғазиз Әбішев;
- Жыл мәдениет қайраткері – танымал әнші Димаш Құдайберген;
- Жылдың үздік параспортшысы – Паралимпиада чемпионы, дзюдошы Ақмарал Науатбек.