Halyq Uni логотип
×

Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» атанды

Ол бұл марапатқа төртінші рет ие болды

 Дәурен Ерболат 09.12.2024 | 15:55
Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» атанды
Фото: dimashnews.com

Танымал әнші Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» атанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық сыйлығының қорытындысы жарияланды. Марапат 10 номинация бойынша берілді:

  • Жылдың үздік мұғалімі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №80 мектеп-гимназиясының география мұғалімі Серік Ниязов;
  • Жылдың үздік тележүргізушісі – «Хабар» арнасының жаңалықтар жүргізушісі Мөлдір Доспаева;
  • Жылдың үздік дәрігері – отоларинголог дәрігер Медет Маханбет;
  • Жылдың үздік спортшысы – дзюдошы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов;
  • Жыл ғалымы – Ұлттық биотехнология орталығының адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, PhD Мақсат Жабағин;
  • Жылдың үздік қоғам қайраткері – «Полигон 21» ҚБ атқарушы директоры Майра Әбенова;
  • Жылдың үздік парламентарийі – Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов;
  • Жылдың үздік саясаттанушысы – телебағдарламалардың жүргізушісі, Парламенттің Қоғамдық палатасының мүшесі Ғазиз Әбішев;
  • Жыл мәдениет қайраткері – танымал әнші Димаш Құдайберген;
  • Жылдың үздік параспортшысы – Паралимпиада чемпионы, дзюдошы Ақмарал Науатбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама