Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жетісу облысында полиция ҰҚКД-мен бірлесіп, бопсалаумен айналысқан жергілікті қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы (ҰҚҚКБ) қарашаның соңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, бопсалаумен айналысатын жергілікті қылмыстық топты әшкереледі.
Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бопсалаушылық үшін айыппұлдан бастап, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.