Қылмыс көп жағдайда Алматыда тіркеледі
Қазақстанда ұрлықпен байланысты қылмыс саны азайған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ұрлық 28,1%-ға, яғни 40 мың 458 деректен 29 мың 89 дерекке дейін төмендеуі байқалады.
Ұрлықтың ең көбі Алматы және Астана қаласында (6 675/3 727), ең азы Манғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298).
Сондай-ақ, ұялы телефондар ұрлығы – 31,2%-ға төмендеді (10 051-ден 6 919-ға дейін). Бұл ретт ұялы телефондар ұрлығының ең көбі Алматыда – 1 989 және Астанада – 669 тіркелді, ең азы Ұлытау облысында – 54 тіркелді.
Автокөлік ұрлығы бойынша – 46,1%-ға – 256-дан 138-ге дейін төмендеу байқалады.
Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 33,7%-ға – 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеу динамикасы байқалады.
Сондай-ақ, мал ұрлығы бойынша 30,3%-ға – 1 432-ден 998-ге дейін төмендеу тенденциясы байқалады. Мал ұрлығы фактілерінің ең көбі Алматы – 194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97 облыстарында тіркелген.